Атырау, 29 қараша 04:57
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Солтүстік Қазақстанда екі ауыл тұрғындарын көшіріп жатыр

1 833 просмотра

Солтүстік Қазақстан облысында екі ауылда су тасу қаупінен тұрғындар эвакуациялана бастады деп хабарлады ішкі істер министрлігі төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов. Ол Ғабит Мүсірепов ауданында Шарық су торабының еріген қар суына толуынан өзеннің арнасынан асуы және жақын маңдағы елді мекендерді су басу қаупінен су торабы ауданында орналасқан екі елді мекен тұрғындары көшіріліп жатқанын айтты,- деп хабарлады azattyq.org

Иманқұловтың ақпаратына қарағанда, жүз шақты адам эвакуацияланып, осы аудандағы мектептерге жеткізіледі деген жоспар бар.

Солтүстік Қазақстан облысындағы су тасқыны өткен аптада басталған. Агенттіктердің хабарлауынша, аймақта 200-ден астам үйді су басқан.

Дереккөз: azattyq.org

6 сәуір 2016, 09:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.