Атырау, 1 мамыр 12:02
 бұлттыВ Атырау +22
$ 442.05
€ 474.14
₽ 4.74

Назарбаев Обамаға қазақ суретшісінің "Жарылыс" деп аталатын картинасын сыйлады

1 871 просмотра

Фото: akorda.kzҚазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ президенті Барак Обамаға суретші Қаріпбек Күйіковтің "Жарылыс" деп аталатын картинасын жеткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Дәурен Абаевқа сілтеме жасап.

"Естеріңізде болса, 2012 жылы Сеулдегі антиядролық Саммитте Барак Обама президент сайлауының қарсаңында Мемлекет басшысынан қазақтың тұмарын сыйға алған еді. Осы жолы Қазақстан Президенті символдық сыйлық жасады - халықаралық антиядролық қозғалыстың белсендісі, АТОМ (The Atom Project (ENG) жобасының құрметті елшісі, суретші Қаріпбек Күйіковтің "Жарылыс" деп аталатын картинасын жеткізді", - деп хабарлады Дәурен Абаев.

Сонымен қатар, ол Нұрсұлтан Назарбаевтың бұл сыйлықты сыйлауы арқылы өзекті мәселеге тағы да бір рет назар аударды деп есептейтейтінін айтты.

Дереккөз:tengrinews.kz


6 сәуір 2016, 09:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.