Атырау, 29 қараша 04:43
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Үлескерлер ақшасын заңсыз иемденгені үшін іздеуде жүрген М.Әлімбетов Қазақстанға жеткізілді

1 557 просмотра

Фото: 24.kzІрі көлемде қаржы жымқырып, Біріккен Араб Әмірлігінде бой тасалаған «Какаду» ЖШС-нің директоры Мирхат Әлімбетов бүгін елордаға экстрадицияланды, -деп хабарлады 24.kz

45 жастағы кәсіпкер 2005-2008 жылдар аралығында Астанадағы «Қыпшақ» тұрғын үй кешенінің құрылысы барысында салымшылардың 397 млн теңгесін, сондай-ақ мемлекеттің 434 млн-ға жуық теңгесін қолды қылды деп айыпталуда. Бизнесменнің Дубай қаласында екендігі 2012 жылы анықталған. Кейін Біріккен Араб Әмірліктерінің құқық қорғау органдары тұтқындалған азаматты Қазақстанға жөнелту туралы шешім шығарыпты. Қазіргі уақытта Әлімбетов Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды.

Дереккөз: 24.kz
5 сәуір 2016, 10:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.