Атырау, 29 қараша 04:48
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Қайрат Сатыбалдыұлының Kaspi bank-тегі жанама үлесі артты

1 582 просмотра

Фото: azattyq.orgБиліктегі "Нұр Отан" партиясының бұрынғы хатшысы, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалдыұлының "Kaspi" акционерлік қоғамы (АҚ) холдингіндегі акция үлесі 30 пайызға дейін артты. Бұл туралы бүгін Азаттыққа Kaspi Bank-тің баспасөз қызметінен хабарлады.

"Kaspi" акционерлік қоғамы - Kaspi Bank акцияларының 90 пайызының жанама иесі саналады.

Қайрат Сатыбалдыұлының "Kaspi" холдингінің жанама акционері болғаны, холдингтегі үлесі 10 пайыздан аз екені туралы бұған дейін хабарланған.

Холдинг акционерлері құрамына Kaspi Bank-тің директорлар кеңесінің басшысы Вячеслав Ким, Қайрат Сатыбалдыұлы мен банктің басқарма төрағасы Михаил Ломтадзе және "Бэринг Восток Кэпитал Партнерс" халықаралық инвестициялық компанияларының басқаруындағы қорлар кіреді.

Дереккөз: azattyq.org

4 сәуір 2016, 16:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.