Атырау, 29 қараша 04:43
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Оңтүстікте мектеп оқушысы 3 жастағы қызды ажалдан құтқарды

1 738 просмотра

Мұхаммедәлі Құрақ. Сурет facebook бетшесінен алынды Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданының Қосағаш ауылында Мұхаммедәлі Құрақ есімді 4 сыныптың оқушысы 3 жастағы қызды ажалдан құтқарып алды.

Жұртшылыққа батыр баланың ерлігі туралы хабарды Алтынтөбе ауылының тұрғыны Сейдалы Дүйсебайұлы жеткізді. Ол facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында оқиғаның қатты нөсерден кейін болғанын айтты. «Түнімен төккен жауын ауыл ішін селдете өте шыққан. Сол тасқында Қосағаш ауылында 3 жасар қызды су ағызып біраз жерге барғанда мына бір қаршадай бала құтқарып алыпты. Құтқарып алғасын ессіз жатқан кішкентай бүлдіршіннің көкірегін басып, жұтқан лай суын құсқызыпты. Лай сумен бірге шөп-шалам, ағаш бұталары түсті дейді көргендер. Ауыл тұрғындары қаршадай баланың ерлігін аңыз қып айтып жүр.
Баланың аты Мұхамедәлі. 4 сыныпта оқиды», деді ол.

Дереккөз: egemen.kz

4 сәуір 2016, 15:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.