Атырау, 1 мамыр 11:23
 бұлттыВ Атырау +22
$ 442.05
€ 474.14
₽ 4.74

Қазақстан чемпионатындағы ең қымбат футболшылар анықталды

2 348 просмотра

Vesti.kz порталы Қазақстан премьер-лигасындағы ең қымбат он футболшының тізімін жасады.

Transfermarkt сайтындағы мәліметке сүйенсек, рейтингте "Астана" клубының жартылай қорғаушысы Неманья Максимович (суретте) көш бастап тұр. Ол 2 миллион еуроға бағаланған.

Бұл тізімде екінші орынды "Қайрат" клубының ойыншысы Жерар Гоу алды. Алматылық клубтың спортшысы 1,8 миллион еуроға бағаланған. Ал үздік үштікті "Астананың" жартылай қорғаушылары - Рохер Каньяс және Аруна Лукман қорытындылады. Олар 1,5 миллион еуроға бағаланыпты. Толық тізіммен мына жерден таныса аласыздар7

Сонымен қатар, трансфер терезесі жабылғаннан кейін елордалық "Астананың" Қазақстан премьер-лигасындағы ең қымбат клуб атанғаны белгілі болды. Transfermarkt сайтындағы мәліметтерге сүйенсек, бұл клубтың құрамы 15,2 миллион долларға бағаланған. Екінші орында 12,28 миллион доллармен "Қайрат", ал үшінші орында қостанайлық "Тобыл" (8,58 миллион еуро) тұр.

Дереккөз: tengrinews.kz


4 сәуір 2016, 15:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.