Атырау, 29 қараша 03:36
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Есірткі контрабандасы үшін Қытайда сотталған ҚР екі азаматшасы Қазақстанға жеткізілді

1 924 просмотра

Астана. 1 сәуір. ҚазТАГ – Есірткі контрабандасы үшін түрлі жаза мерзімдері бойынша Қытайда сотталған ҚР екі азаматшасы Қазақстанға жеткізілді, деп хабарлады ҚР бас прокуратурасының баспасөз қызметінен.

«Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы мен Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері, Сыртқы істер министрлігінің және Қазақстанның ҚХР-дағы Елшілігінің қолдауымен есірткі контрабандасы үшін түрлі жаза мерзімдері бойынша Қытайда сотталған біздің елдің екі азаматшасы Бейжің қаласынан жеткізілді», - делінген жұмадағы хабарда.

Хабарда айтылғандай, Қытай тарапының құзырлы органдары сотталғандарды Қазақстанға беру туралы шешімді 2011 жылдың 22 ақпанындағы Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы шартты іске асыру мақсатында және сотталғандардың өтініштері негізінде қабылдады.

Берілген тұлғаларға қатысты қытай сотының үкімін тану және орындау туралы кепіл негізінде ҚХР құзырлы органдарына Қазақстан сотының тиісті қаулылары жолданды.

Берілген тұлғалар жазаларының қалған мерзімдерін Қазақстан Республикасының ұлттық заңнамасына сәйкес Қазақстанның түзеу мекемелерінде өтейтін болады.

Дереккөз: ҚазТАГ

1 сәуір 2016, 14:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.