Атырау, 29 қараша 03:37
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары дәрігерлерді нашар статистиканы жасырмауға шақырды

1 705 просмотра

Image 0Фото: caravan.kzАСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Дариға Назарбаева Астана қаласының медицина қызметкерлерімен кездесу барысында ақ халаттыларды медицина саласындағы нашар статистикаларды жасырмауға шақырды.

Осы ретте ол саладағы сапа деңгейін бағалауды қайта қарастыру қажет екенін атап өтті.

«Жалпы сапаны бағалау өлшемін өзгерту керек. Қазіргі өлшемдер көптеген жағымсыз фактілерді жасыруға алып келеді. Бұл өз кезегінде бюджетті жоспарлауға теріс әсер етеді. Яғни, проблема көрсетілмегеннен кейін қаржы бөлінбейді»,-деп тоқталды Д. Назарбаева.

Осы орайда Премьер-Министрдің орынбасары қазіргі кезде ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау министрлігі алдында анықталған сенімді статистиканы барынша көрсету мақсаты қойылып отырғандығын атап өтті. Бұл бағыттағы жұмыстар денсаулық сақтауды дамыту бағдарламасында, бюджеттік жоспарларда аталған проблемаларды шешу шараларын барынша қамтуға негізделіп отыр.

Сөз соңында Д. Назарбаева салада бар проблемаларды жасырмау қажет екенін және оған жайбарақат қарамау керектігін қадап айтты.

1 сәуір 2016, 12:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.