Атырау, 29 қараша 03:32
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Назарбаев қару жасауға тың жаңалықтарды қолдануға тыйым салуға шақырды

1 324 просмотра

Назарбаев АҚШ-тың қоғам және саяси қайраткерлерімен кездесті.Қазақстан Президенті біздің ел Жаһандық ядролық қауіпсіздік жөніндегі саммиттерге белсене қатысуды маңызды санайтынына назар аударды.

АСТАНА, 1 сәу — Қазақстан жаңалықтары АА. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев ғылыми жаңалықтарды жаппай қырып жою қаруларының жаңа түрлерін жасауға қолдануға тыйым салу бойынша халықаралық келісімдерді әзірлеуге шақырды деп хабапрлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Қазақстан президенті Вашингтонда сапармен жүр, онда ядролық қауіпісзідік жөнінідегі саммитке қатысуда. Баспасөз қызметінің мәліметінше, Назарбаев АҚШ-тың қоғам және саяси қайраткерлерімен кездесті.Қазақстан Президенті біздің ел Жаһандық ядролық қауіпсіздік жөніндегі саммиттерге белсене қатысуды маңызды санайтынына назар аударды.

"Ажал себетін қаруларды ғарыш кеңістігінде, әлемдік мұхит табаны мен бейтарап суларында, сондай-ақ Арктикада орналастыруға тыйым салатын іргелі шешімдер қабылдайтын уақыт келді", – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

"Ғылыми жаңалықтарды жаппай қырып жою қаруларының жаңа түрлерін жасауға қолдануды тыю жөніндегі халықаралық келісім мен БҰҰ реестрін әзірлеген жөн",-деп қосты ол.

Дереккөз/фото: newskaz.kz

1 сәуір 2016, 12:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.