Атырау, 22 желтоқсан 13:28
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Назарбаев "ЕАЭО - тек экономикалық ұйым" екенін тағы айтты

2 028 рет қаралды

Image 0Еуразия экономикалық одағы - таза экономикалық одақ, СССР-ді қайта құру ешқандай әңгіме жоқ деп мәлімдеді Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Вашингтонда.

Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Вашингтонда АҚШ-тың қоғамдық және саяси қайраткерлерімен кездесуінде ЕАЭО - ортақ тауар, капитал, еңбек ресурстары айналымы, қызмет көрсету ережелері бар экономикалық бірлестік екенін айтқан.

"Мұнда СССР-ді қалпына келтіру туралы ешқандай әңгіме жоқ. "Қырғи-қабақ" соғысы кезеңіндегі мұндай таптаурындарды құрту керек. Олар бізге болашаққа қарауымызға кедергі келтіреді" деген Назарбаев.

ЕАЭО - Ресей, Беларусь және Қазақстан арасында құрылған, 2015 жылдың қаңтарынан жұмыс істей бастаған одақ. Кейін одаққа Армения мен Қырғызстан да қосылған.

Дереккөз/фото: azattyq.org

1 сәуір 2016, 12:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.