Атырау, 29 қараша 03:46
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Ата-аналар БҒМ-нен оқушыларға тым құрығанда кимешек киюге рұқсат беруін сұрады

2 744 просмотра

Фото: RIA.RUЕліміздің мектептерінде діни киім киюге тыйым салынғалы бері көптеген ата-ана бұл жаңа заң Конституцияға қайшы келеді деп реніштерін білдіруде. Олар мектепте оқушыларға, тым құрығанда кимешек киюге рұқсат беруін сұрауда деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Бұл өтінішпен Ерлан Сағадиевтің блогына өзін Иман Қуанышқызы деп таныстырған әйел жүгінген.

Ол мектеп формасының жаңа стандарты мектепте діни киім киюге тыйым сала отырып, Конституцияға қайшы келетінін алға тартты. Себебі, Ата заңымызда "ешкім дініне байланысты кемсітушілікке ұшырамауы тиіс" екендігі айтылған.

«Өз дінін оқу орнында ысырып қоюды талап ететін бұл стандарт заңға қайшы келеді», - дейді әйел.

Ол Конституцияға сәйкес, "адам құқығы тек қоғамдық тәртіпті және тұрғындардың қауіпсіздігін сақтау мақсатында ғана шектелуі мүмкін" екенін еске салды.

"Орамал немесе кимешек конституциялық талаптардың ешқайысысына қайшы келмейтіні күмәнсіз. Сол себепті оларды киюге тыйым салу заңсыз қадам", - деп жалғастырды Иман Қуанышқызы.

Тұрғын министрден бұл мәселені жан-жақты саралап, дұрыс шешім шығаруын өтінді.

"Мен мектеп формасының стандартына ұлттық ақ кимешекті қосуларыңызды сұраймын. Біз мектепте никаб (бетті жауып тұратын орамал) киюге рұқсат етіңіз демейміз. Біз қыздарымызға олардың қалауымен дәстүрлі қазақ кимешектерін киюге шектеу қоймауларыңызды өтінеміз", - дейді әйел.

Бұл өтінішке Білім және ғылым министрлігіндегілер жауап берді. Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевтің «Электронды үкіметтегі» блогында бірыңғай мектеп формасын енгізу озық білім ұйымдарының тәжірибесіне сүйеніп жасалғаны хабарланды.

"Қабылданған талаптарға сәйкес, мектеп формасын енгізу жалпы мектептік ата-аналар жиналысының шешімімен жүзеге асады. Талапқа сәйкес, мектеп формасының үлгісі мен түсін білім беру мекемесі мен ата-аналар қауымы бірлесіп таңдайды. Білім беру мекемесі ата-аналардың ұсынысы болған жағдайда мектеп формасына бас киім қосу туралы шешім шығара алады", - делінген министрдің блогындағы жауапта.

Еске салсақ, бұған дейін Білім министрлігі мектепке хиджап пен қысқа балақ шалбар киюге тыйым салған еді.

Дереккөз: nur.kz


31 наурыз 2016, 17:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.