Атырау, 29 қараша 03:25
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Алаяқтық жасаған деп күдіктеліп отырған үш турфирма қазақстандықтарды Т1,1 млрд сомаға сан соқтырған

2 159 просмотра

Фото: infozakon.comАлматы. 31 наурыз. ҚазТАГ – Динара Жаркеева. Алаяқтық жасаған және қаржыны ысырап еткен деген 3 турфирма қазақстандықтарды Т1,1 млрд сомаға сан соқтырған, деп хабарлады ҚР ІІМ мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Садубаев.

«Tengri Travel System» ЖШС бойынша: ҚР ҚК 176 бабы бойынша тіркелген (сеніп тапсырылған бөтеннің мүлігін иемдену немесе ысырап ету). (…) Шығынның алдын-ала сомасы 165 млн теңге», - делінген бейсенбідегі ҚазТАГ-тың ресми сауалына берген департаменттің жауабында.

Сонымен қатар, аудиторлық тексеру жүргізіліп, нәтижесінде өтінім берушілердің ақшалай қаражаты мақсатты пайдалану мәселесіне сот-экономикалық сараптама тағайындалды.

«Сот-экономикалық сараптама нәтижесі бойынша аталмыш іс бойынша ақырғы процессуалдық шешім қабылданады», - делінген хабарда.

«Гүлнар тур» ЖШС бойынша келтірілген шығынның жалпы сомасы Т463 млн 99 мыңды құрап отыр. Алайда аудиторлық тексеріс қорытындысы бойынша ЖШС директорының қарызы Т910 млн 265 мыңды құраған.

«2014 жылдың тамызында «Гүлнар тур» ЖШС директорына ҚР ҚК 177 бабы 4 бөлімі б бабы бойынша айып тағылып, соңғысына мемлекетаралық іздеу жарияланды. 2014 жылдың қазанында айыпталушыны іздеуге байланысты ҚР ҚПК 50 бабы 1 бөлімі 2 бабы бойынша қылмыстық іс уақытша тоқтатылды», - делінген хабарда.

«On travel» ЖШС-ға келер болсақ, оған қатысты 2012 жылы ҚР ҚК 177 бабы 3 бөлімі 6 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған. Шығынның алдын-ала сомасы Т30 млн 664 мыңды құрап отыр.

Белгілі болғандай, ЖШС құрылтайшысы ҚР сыртында жүрген Болгария азаматы.

Осылайша, үш турфирма келтірген шығын сомасы Т1 млрд 105 млн 929 мың 484 құрап отыр.

Дереккөз: kaztag.kz

31 наурыз 2016, 16:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.