Атырау, 29 қараша 03:29
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Тоқтар Төлешовтің сыра зауытының мүлкі саудаға қойылды

2 257 просмотра

Фото: Liveinternet.ruЖеке сот орындаушысы "Шымкентсыра" ЖШС сыра зауытының кешенін саудаға қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Өндіруші - "АТФ Банк" АҚ. Бұл туралы Бірыңай электронды сауда алаңының сайтында жария болды.

Саудаға жалпы ауданы 30857 шаршы метр болатын ғимараттар мен құрылыстар қойылған. Жер көлемі - 1294 сотық, құрал-жабдығы және негізгі құралдары мен наматериал активтері бар, оның ішінде тауар белгісі де бар. Бастапқы құны - 27,984 миллиард теңге. Сауда 2016 жылдың 12 сәуіріне белгіленген.

Осыған дейін Төлешовтің қандай баптар бойынша айыпталып отырғаны және оның екі айға қамауға алынғаны белгілі болған еді.

Еске салайық, белгілі кәсіпкер Тоқтар Төлешов 30 қаңтарда Шымкентте арнайы операция кезінде ұсталған еді. Тұрғылықты мекен-жайы мен жұмыс орнын тексерген кезде қару, есірткі заты және оқулық табылып, тәркіленген. Ұсталған кәсіпкер "Шымкентсыра" ЖШС иесі және Террорлық қатерлерді сараптау орталығын басқарған. Бірлестіктің сайтындағы өмірбаянда Төлешовтің 2008 жылдан бастап қоғамдық ұйымдарда көптеген қызметтерді атқарғаны жазылған. Сонымен бірге, ол - "Нұр Отан" партиясының мүшесі, бірнеше журналистер одағының мүшесі және Қазақстан казактары бірлестігінің жоғарғы атаманының кеңесшісі. Айта кетейік, Шымкенттегі арнайы операцияға оңтүстікқазақстандық полицейлер тартылмаған. Бұл операцияны елорданың арнайы қызметтері бақылап, тергеп отыр.

Дереккөз: tengrinews.kz

30 наурыз 2016, 16:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.