Атырау, 29 қараша 03:33
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Қазақстанда шетел валютасына сұраныс айтарлықтай төмендеді - ҚР Ұлттық банкі

2 167 просмотра

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда шетел валютасына сұраныс айтарлықтай төмендеді. Бұл туралы бүгін «Корпоративтік басқару: Қазақстанның инвестициялық тартымдылығына жаңа көзқарастар» атты ұлттық форум барысында ҚР Ұлтық банкі төрағасы Данияр Ақышев мәлім етті.

ҚР Ұлттық банкі деректеріне сәйкес, ағымдағы жылдың қаңтар айында айырбас пункттерінен Қазақстан халқы 213 млн. доллар сатып алған.

«Ақпанда үрдіс күшейе түсті. Теңгеге басымдық беріліп, халық шетел валютасын сата бастады. Соңғы 10 жылда алғаш рет халықтың шетел валютасын сатуы ақпан айында 277 млн. доллар көлемінде байқалды. Біз мұнан ары да аталған үрдістің күшейе түсетіндігін күтудеміз», - деді Д.Ақышев.

ҚР Ұлттық банк басшысы келтірген деректерге сәйкес, ақпан айы мен наурыз айының бірінші жартысының қорытындысына сәйкес ұлттық валютадағы депозиттердің үлесі өсе түсуде. Яғни, долларсыздану үдерісінің шынайы ауқымға ие болғанын байқауға болады,

Жалпы, Ұлттық банк деректеріне сәйкес, ағымдағы жылдың қаңтар-ақпанындағы ұлттық валютамен сақтаулы депозит 307,6 млрд. теңгеге (6,2 пайыз) оның ішінде халық депозиттері 96 млрд. теңгеге (6,7 пайыз) артқан.

Дереккөз: inform.kz

30 наурыз 2016, 10:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.