Атырау, 29 қараша 02:28
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Қазақстандық полицейлер 1 сәуірден бастап смартфон қолдана алмайды

1 866 просмотра

ҚР ІІМ-де смартфондарды қолдануға тыйымды биыл 1 сәуірден бастап салады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы бүгін Астанадағы брифингте ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы мәлімдеді.

"Шешім қабылданды. Ол премьер-министрдің кеңсесімен мақұлданды, мемлекеттік қызметкерлер жұмыс уақытында жұмысқа планшеттер мен смартфондарды әкеле алмайды. Бірқатар меморганда бұл енгізіліп қойды, көбінде 1 сәуірден кейін, 4 сәуірден бастайды. Ішкі тәртіп ережелері бар. ҚР Ішкі істер министрлігіне қатыстысы - 1 сәуірден бастап біз қызметкерлерімізге жұмысқа смартфон мен планшетпен келуге тыйым сала бастаймыз. Барлығымыз, басшылықтан бастап, барлығымыз қарапайым телефондарды сатып алдық, онда Интернетке кіруге мүмкіндік жоқ", - деді Лепеха.

"Бұл бірқатар маңызды құжаттың WhatsApp-та таралуына байланысты. Сондықтан осындай шешім қабылданды", - деді ол.

Дереккөз/фото: tengrinews.kz

29 наурыз 2016, 12:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.