Қазақстандықтар автомектепке бармай-ақ көлік жүргізу куәлігін ала алады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ҚР ішкі істер министрінің орынбасары Ерлан Тұрғымбаевтың қатысуымен өткен брифинг барысында белгілі болды.
Мотоцикл немесе жеңіл автомобиль жүргізу куәлігін алғысы келетіндерді жеке дайындауға арналған жүйе енгізіледі. Емтихандар тек арнайы ХҚКО-ларда өткізіледі.
"Мысалы, сіз жол қозғалысы ережелерін үйде оқи аласыз. Егер сіз көлік жүргізе алсаңыз, теориялық білімнен ғана емтихан тапсырасыз. Арнайы ХҚКО-ларда арнайы көліктер және мотоциклдер бар. Егер көлікті жүргізу емтиханынан өтсеңіз, сізге куәлік беріледі. Бұл жүйе сәуірден бастап енгізіледі", - деді Тұрғымбаев.
Сонымен қатар, енді дубликат алатын кезде немесе автомобильдің техникалық төлқұжатын ауыстыру кезінде көлік тексеруден өткізілмейді.
Дереккөз/фото: tengrinews.kz