Атырау, 3 мамыр 09:55
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 462.91
€ 542.16
₽ 6.16

СІМ басып алынған Egyptair лайнерінің бортында қазақстандықтардың бар-жоқтығын анықтауда

1 473 рет қаралды

Қазақстанның сыртқы істер министрлігі египеттік Egyptair авиакомпаниясының басып алынған ұшағының бортында қазақстандықтардың бар-жоқтығын анықтауда.

АСТАНА, 29 нау — Қазақстан жаңалықтары АА. Қазақстанның сыртқы істер министрлігі мысырлық Egyptair авиакомпаниясының басып алынған ұшағының бортында қазақстандықтардың бар-жоқтығын анықтауда, деп хабарлады Қазақстан жаңалықтары АА-ға ҚР СІМ баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақов.

"Сыртқы істер министрлігі ұшақта Қазақстан азаматтарының бар-жоқтығын анықтауда", — деді Жайнақов агенттікке телефон арқылы.

Бұдан бұрын Александрия-Каир бағытымен ұшқан мысырлық Egyptair авиакомпаниясының лайнерін басып алғаны туралы мәлімет полицияға 08.30-да түскені хабарланған болатын. Алдын ала мәліметтер бойынша, бортта 81 жолаушы бар. Лайнер кипрлық Ларнаки әуежайына қонды.

Дереккөз: newskaz.kz

29 наурыз 2016, 12:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.