Атырау, 29 қараша 02:25
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Матаевты қолдау комитеті Алматының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің барлық айпытауларын жоққа шығаруда

2 574 просмотра

Фото: ИА-Новости-КазахстанАстана. 28 наурыз. ҚазТАГ Сейтқазы Матаевты қолдау комитетінің төрағасы, «Әділ сөз» халықаралық сөз бостандығын қорғау қорының президенті Тамара Калеева Қазақстан журналистер одағы басшысының атына тағылған Алматының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің айыптауларын негізсіз деп санайды.

«…25 наурызда ақпараттандыру және байланыс комитетінің бұрынғы басшысы Болат Берсібаев пен комитет төрағасының орынбасары Бек Арпабаев ұсталды оларға ҚазТАГ-тан басқа мемлекеттік тапсырыстың барлық үміткерлерін жолдан кетіру үшін заңды әдейі бұзған-мыс деген айып тағылуда. Алайда мемлекеттік саясатты ақпараттық қолдауды жыл сайын ондаған БАҚ атқарып келеді. 2010 жылы КазТАГ комитеттен 11 миллион (теңге- ҚазТАГ) алғанда, басқа БАҚ-қа екі жарым миллиард теңге тиді, 2014 жылы ҚазТАГ 83 миллион теңге ұтып алғанда, басқа БАҚ 9-дан астам милли ард алды, осылайша жылдан жылға жалғасып келеді, сонда бәсекелестерді жолдан кетіру туралы әңгіме болуы мүмкін бе?» - деп түсінбестік білдіреді Т.Калеева дүйсенбіде Алматының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің баспасөз парақшасына таратылған жауабында.

«Оның үстіне Берсібаев комитетті 2010-2012 жылдары басқарды, ал Арпабаев комитетте 2014-2015 жылдары жұмыс жасады, және ол кезде бұл комитет басқа министрліктің құрамында, басқа құрылым мен басқа басшының қарауында болды», - деп жазады ол.

Қоғамдық бірлестік басшысының пікірінше, мемтапсырыс есебінен жасалған жарияланымдарды сатқан деген айыптаулар даулы болып келеді.

Жыл сайын мембюджеттен миллиардтап қаржы алатын «Казахстанская правда» өз газетін сатпайды, сыйға таратады... Оның үстіне ҚазТАГ мемсаясатты алға жылжыту үшін төлем талап еткені туралы айыптаушылардың қорытындысы да даулы мәселе, қорғаушылар заң мен сол цифрларға сілтеме жасай отырып, ол тұжырымды бұздырмақшы», - деді Т. Калеева.

Ол ақпараттық агенттікті құрудың өзі ақша талап ететініне назар аударды. БАҚ кіріс көзіне шықпайынша, қарызға «көп-көп қаржы» керек», деді ол

«Сол қаржы арқылы ҚазТАГ Ұлттық баспасөз клубын қаржыландырды (тек ҚазТАГ-қа ғана емес, Ұлттық баспасөз клубы көптеген ақпараттық агенттіктерге аяғынан тұруға көмектесті, бұл туралы төменде). Ал қарызды қайтару керек, ақшаны осылай аударуды жалған деп кім айта алады. Және, ҚазТАГ-тың сан алуан ақпаратының барынша сұранысқа ие болуына байланысты, оның есеп шотында тек мемтапысырыстан ғана түскен ақша жатпауы да мүмкін», - деп атап өтті «Әділ сөз» басшысы.

Т. Калиева «жымқырулар» жеңілдіктер жүйесі болуы әбден мүмкін, себебі Ұлттық баспасөз клубы өз қызметінің бағасы туралы өзіне ешқандай міндет алмаған, барлық бағалар тендерлерде ашық айтылған, деп есептейді.

«Сейтқазы Матаев мемлекеттен бір тиын да алмастан Орталық Азия мемлекеттерінің бірыңғай ақпараттық алаңын құрды. Осыған ұқсас әрекеттерді жүзеге асырған шенеуніктер түрлі наградалармен және жоғары шендермен марапатталған болар еді. Матаев болса сол ісі үшін үй қамағына алынып, қылмыстық іс қозғалуда», - деп атап өтті комитет басшысы.

Қорытындысында ол салықтарды төлемеген деген айыппен де келіспейтінін білдірді, себебі, оның ақпарынша, Алматының Медеу ауданының салық органына 2011-2014 жылдар аралығындағы корпоративті салық бойынша декларация уақытында ұсынылған.

Дереккөз: ҚазТАГ

28 наурыз 2016, 16:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.