Атырау, 29 қараша 02:31
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

ҚР бас прокуратурасы өз елінде жазасын өтеуі үшін ҚХР мен АҚШ-тан төрт отандасты қабылдайды

2 833 просмотра

Астана. 28 наурыз. ҚазТАГ – Қазақстан бас прокрутаруасы өз елінде жазасын өтеуі үшін ҚХР мен АҚШ-тан төрт отандасты қабылдайды, деп мәлім етті қадағалау ведомствосының баспасөз қызметінен.

«Өткен бес жыл кезеңінде Қазақстан біздің 152 азаматты қабылдады. 2015 жылдың тамыз айынан бәрі Қытайдан тоғыз жерлесіміз қабылданды, тағы да екеуін жақын арада күтудеміз. Мысалы а.ж. наурыз айында қытайлық тарап 42 жасар Алматы тұрғыны Маранди деген азаматты жазасын әрі қарай өтеу үшін бізге берді. 2003 жылы ол Үрімшіде адам өлтіру айыбы бойынша ұсталған болатын. 2004 жылы Қытай сотымен өмір бойы бас бостандығынан айрылып, кейін жаза мерзім қысқартылды. Ол жазасын Үрімші түрмесінде өтеп жатқан болатын», - деп айтқан Бас прокуратураның Халықар алық ынтымақтастық департаментінің бастығы Сергей Досполовтың сөзін баспасөз қызметі келтіріпті.

«Осы уақыт ішінде біздер сотталған 265 шетел азаматын бердік, оларды ұстау үшін жұмсалатын 375 млн. теңге шығындалмай, қазақстандық бюджетті үнемдеді», - деді С. Досполов.

Оның айтуынша, 2015 жылдың желтоқсан айында 1993 жылғы Қылмыстық жазаны шетелде өтеудің америкааралық конвенциясына қосылуымызға байланысты Қазақстанға Америка құрлығында жазасын өтеп жатқан азаматтарымызды аударып алу мүмкіндігі туындап отыр. Мысалға, қазір АҚШ-та әртүрлі мерзімге сотталған екі азаматымызды аударып алу бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, ұстап беру туралы сұраулардың көпшілігін бұрынғы кеңестік елдер қанағаттандырады, олар - Ресей, Қырғызстан, Беларусь және Украина.

Қабылданып отырған шаралар арқылы Бас прокуратура алыс шет елдердің тұлғаларды ұстап беруін мақсат етеді. Мысалы, кейінгі екі жылда Біріккен Араб Әмірліктері 8 адамды бізге берді, біздің сұрауымыз бойынша Испаниядан, Румыниядан, Болгариядан, Германия мен Финляндиядан күдіктілер берілген болатын.

Жазаның сөзсіз орындалу қағидасын жүзеге асыру мақсатында Қазақстанда қылмыс жасап, өз елдерінде жасырынып жүрген қылмыскерлерге қатысты 422 қылмыстық іс жіберілді.

ҚР бас прокуратурасының мәліметтерінше, қылмыспен күрестегі халықаралық ынтымақтастықтың маңызды бағыттарының бірі – қылмыс жасауға күдікті немесе айыпты, сондай-ақ өзге елде жасырынып жүрген және сот төрелігінен қашып құтылуға тырысатын тұлғаларды экстрадициялау. Өткен 5 жылда іздеуде жүрген 349 адам Қазақстанға берілді және 100-ден астам сұрау шет елдердің құзырлы органдарының қарауында жатыр. Шет мемлекеттерге біздің республикада жасырынып жүрген 555 адам ұстап берілді.

Дереккөз: ҚазТАГ

28 наурыз 2016, 16:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.