KASE қор биржасының таңғы сессиясының қорытындысы бойынша ұлттық валютаның долларға қатысты бағамы 340,42-ге тең болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Айта кетейік, 25 наурыздағы соңғы сессия 343,1 теңге көрсеткішімен аяқталған еді.
28 наурыздағы алғашқы келісім 341 теңгемен өтті. Сессиядағы ең жоғарғы келісім осы болды, ал төменгі сауда 339,87 теңгемен жасалды. Сауда көлемі 64,52 миллион доллардан асты. Kurs.kz порталының мәліметінше, ақша айырбастау пункттері шетел валютасын 335-339,5 теңге аралығында саудалап жатыр.
Еске салайық, демалыс күндері айырбас пункттерінде доллар 331-340теңге аралығында сатылды. Экономист Арман Байғанов бұл жағдайға қатысты пікірінде айырбас пункттерінің Қазақстанда дүйсенбі күні теңге бағамының шұғыл нығайып кетуінен сақтанып отырғанын айтты. "Халықтың доллармен сақтаған жинағы көп болғандықтан айырбас пункттері бағамды халық жаппай сатып ала бастайды деп сақтанғандықтан төмендеткен шығар", - деді ол.
Дереккөз: tengrinews.kz