Атырау, 29 қараша 02:49
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Азаматтық авиация комитеті "Фоккер-100" әуе кемелерін техникалық актсыз пайдалануға тыйым салды

2 340 просмотра

Фото: uralskweek.kzҚР ИДМ-нің азаматтық авиация комитеті "Фоккер-100" әуе кемелерін техникалық актсыз пайдалануға тыйым салды, - деп хабарлайдыTengrinews.kz тілшісі ҚР ИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚР ИДМ-нің азаматтық авиация комитеті Bek Air әуе компанияның инженерлік-авиациялық қызметінің басшысына шассидің алдыңғы және негізгі тіректерінің агрегаттары мен тораптарын және шассиді жыю және шығару жүйесін бір жолғы техникалық тексерістен өткізу жөнінде нұсқау жөнелтілді. "Тиісті техникалық актіні ҚР ИДМ-нің ААК-не және "Қазаэронавигация" РМК-ның әуе қозғалысын жоспарлаудың Бас орталығына жолдау қажет. Сонымен қатар, Комитет "Қазаэронавигация" РМК-ның ӘҚЖ БО-на "Фоккер-100" әуе кемелерін жоғарыда көрсетілген техникалық актісіз ұшуға жібермеу жөнінде нұсқау берілді", - делінген хабарламада.

Bek Air әуе компаниясының "Фоккер-100" әуе кемесінің 2016 жылғы 27 наурызда Астана қаласының Халықаралық әуежайында болған авиациялық оқиғасының болу дерегі бойынша Азаматтық авиация комитеті аталған типті әуе ұшақтарының кезекті ұшулары алдында болған авиациялық оқиғаларды болдырмау жөнінде профилактикалық шаралар қолға алынды.

Қазақстанда Фоккер-100 типті әуе кемелерін тек Bek Air әуе компаниясы ғана пайдаланып келеді. Әуе кемелерінің паркінде осындай 8 ұшақ бар, оның 6-ы ҚР-нда пайдаланылады екен.

Дереккөз: tengrinews.kz



28 наурыз 2016, 11:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.