Атырау, 29 қараша 02:27
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Парламент Мәжілісі ҚР Үкіметіне сенім білдірді

1 547 просмотра

Фото: kapital.kzАСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін жалпы отырыста ҚР Парламенті Мәжілісі ҚР Үкіметіне сенім білдірді. Дауыс беру барысында 96 депутат қолдады, төртеуі қарсы дауыс берді, ал жетеуі қалыс қалды.

«Республиканың Премьер-Министрі жаңадан сайланған Парламент Мәжілісінің алдына Үкіметке сенім туралы мәселе қояды. Осыған байланысты Премьер-Министрдің хаты келіп түсті»,-деді ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Бақтықожа Ізмұхамбетов.

Жалпы отырыс барысында депутаттар Үкіметке сенім білдіріп, тиісті шешім қабылданды.

«Құрметті депутаттар! Кешегі өткен саяси бәсекеде сайлаушылардың үлкен сеніміне ие болған шынайы жеңістеріңіз құтты болсын! Мен жаңа ғана сенім мандатын алған Үкімет құрамының атынан және жеке өзімнің атымнан Сіздерге жаңа қызметте табыс тілеймін. Үкімет сол сенімді барынша ақтау жолында жұмысты жалғастыратын болады. Бүгін Парламенттің бірінші сессиясының ашылуында Мемлекет басшысы еліміздің алдында тұрған маңызды міндеттерді жан-жақты атап көрсетті. Елбасы тапсырмаларын іске асыру және халықтың әл-ауқатын жақсарту жолындағы бірлесе атқаратын жұмысымызға сәттілік тілеймін. Сенімдеріңізге рахмет!»,- деді Кәрім Мәсімов жалпы отырыста.

Еске сала кетсек, ҚР Конституциясына сәйкес "Республиканың Премьер-Министрі жаңадан сайланған Парламент Мәжілісінің алдында Үкіметке сенім туралы мәселе қояды. Мәжіліс сенім білдірген жағдайда, егер Республика Президенті өзгеше шешім қабылдамаса, Үкімет өз міндеттерін атқаруды жалғастыра береді".

Дереккөз: inform.kz


25 наурыз 2016, 14:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.