Фото: matrica.kzАстана. 25 наурыз. ҚазТАГ - Мирхат Әжіғалиев. Қазақстанда командалық ауысу тәжірибесі тоқтатылды, деп мәлім етті президент Нұрсұлтан Назарбаев.
«Командалық ауысу тәжірибесі тоқтатылды. Бірінші басшының ауысуымен бірге адамдардың бүкіл тобы ауысатын, солай болатын», - деді Н.Назарбаев жұма күні VI шақырылымдағы парламенттің бірінші сессиясында.
Бұл ретте ол былтырмен салыстырғанда ауысулар саны бірнеше есе төмендегенін атап өтті.
«Егер былтырғы 3 айда осындай ауысуларға 1722 шенеунік қатысқан болса, онда олардың саны биыл бар боланы 90. Теңдей мүмкіндіктер жүйесі ретінде жаңа мансаптық мемлекеттік қызмет бекітілді. Мемлекеттік қызметке барынша білікті және сауатты мамандарды іріктеудің үш кезеңдік жүйесі енгізілді. Кадрлар нақты білімі, тәжірибесі бойынша іріктеліп алынады», - деді Н. Назарбаев.
Дереккөз: ҚазТАГ