Атырау, 29 қараша 02:42
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Мәжілістің жаңа құрамы бекітілді

2 570 просмотра

Фото: tengrinews.kzМәжілістің жаңа құрамы бекітілді, - деп хабарлайдыTengrinews.kz тілшісі.

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы алтыншы шақырылатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын тіркеді: "Нұр Отан" партиясының партиялық тізімі бойынша - 84 депутат; Қазақстанның "АҚ ЖОЛ" Демократиялық Партиясының партиялық тізімі бойынша - 7 депутат; Қазақстан Коммунистік Халық партиясының партиялық тізімі бойынша - 7 депутат; Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлаған 9 депутат.

Тіркелген барлық депутаттарға Орталық сайлау комиссиясының отырысында тиісті куәліктер мен омырауға тағатын белгілер тапсырылды.

"2016 жылғы 24 наурызда Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңның 12, 45, 46, 97-1 және 98-баптарына сәйкес алтыншы шақырылатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің 107 депутатын тіркеді", - деп хабарлады ОСК төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов.

Еске сала кетейік, сайлау 20 наурызда 9840 учаскеде өтті, олардың 65-і шетелдердегі ҚР өкілдіктерінде ашылған. Сайлаушылардың тізіміне 9 791 165 кірді. 7 миллион 500 мың қазақстандық дауыс берді. Алдын ала мәлімет бойынша, қазақстандықтардың 77,1 пайызы дауыс берген.

Дереккөз:tengrinews.kz


24 наурыз 2016, 17:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.