Фото: akorda.kzЕлбасы «Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесі бюросының отырысына қатысты.
Отырыста партияның парламент сайлауына қатысу қорытындылары талқыланды, сондай-ақ кандидаттардың партиялық тізімі бойынша Парламент Мәжілісіне депутаттық мандаттарды бөлу кезегі анықталды.
Мемлекет басшысы сайлауда «Нұр Отан» партиясына теңдессіз қолдау көрсетілгенін, сондықтан осындай жоғары сенімді ақтау қажеттігін атап өтті.
Қазақстан Президенті сайлау үдерісін 1000-ға жуық байқаушылар мен әлемнің 51 елінен 150-ге тарта бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері бақылағанын айтты. Сайлау ашық, жария түрде өтіп, жоғары деңгейде ұйымдастырылды деп танылды. Жалпы алғанда, қазақстандықтар бірлігі мен тұтастығын, сондай-ақ ел дамуына үлес қосуға ұмтылысын паш етті. Мемлекет басшысы жаңа шақырылым депутаттары сенімді ақтауы тиіс екендігін, өйткені оларға Ұлт жоспарын тиімді жүзеге асырудың айрықша жауапкершілігі жүктелетінін айтты.
Нұрсұлтан Назарбаев кандидаттардың бекітілген тізімі барлық талаптар мен өлшемдерге сай екеніне, өңірлік, әлеуметтік, кәсіби тұрғыдан екшелгеніне назар аударды.
Қазақстан Президенті депутаттардың Парламентте жетекші саяси күш – «Нұр Отан» партиясы атынан өкілдік ететінін атап айтты.
Сондай-ақ Мемлекет басшысы партияның алдына бірқатар міндеттер қойды.
Атап айтқанда, Үкіметпен бірлесіп Ұлт жоспарын және Бес институционалдық реформаны жүзеге асыру үдерісін заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету қажет. Сонымен қатар, қазақстандықтар дауыс берген сайлауалды бағдарламаның уақтылы жүзеге асырылуына атсалысу керек.
Қазақстан Президенті «Нұрлы жол» бағдарламасының жүзеге асырылу барысына және бюджет қаражатының тиімді жұмсалуына партиялық бақылау жасау жұмысын күшейтуді тапсырды.
Мемлекет басшысы халықтың мұң-мұқтажын анықтауға және шешуге жақты атсалысу, сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясымен өзара тығыз іс-қимылды жолға қою қажеттігін атап өтті.
Отырыс барысында Саяси кеңестің Бюро мүшелері – Парламент Сенатының төрағасы Қ.Тоқаев, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі А.Башмаков сөз сөйледі.
Саяси кеңес Бюросының жұмыс қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттық мандаттарын бөлу кезегін анықтау туралы қаулы қабылданды.
ҚР Парламенті Мәжілісінің VІ шақырылымы депутаттарының тізіміне «Нұр Отан» партиясынан мыналар кірді:
1. Айсина Майра
2. Аманжолова Зәуреш
3. Аронова Ирина
4. Ахметов Сапар
5. Әбдірайым Бақытжан
6. Әбдіров Нұрлан
7. Әшімбаев Мәулен
8. Базарбаев Асқар
9. Балиева Зағипа
10. Бектұрғанов Ерсұлтан
11. Бектұрғанов Әбдіманап
12. Бижанова Гүлнәр
13. Бопазов Марат
14. Бычкова Светлана
15. Дәуренбаев Амангелді
16. Дулатбеков Нұрлан
17. Дүйсебаев Жексенбай
18. Дьяченко Сергей
19. Ералиев Абзал
20. Ержан Құдайберген
21. Ерман Мұхтар
22. Ертаев Бақытжан
23. Жабағиев Қожахан
24. Жайылғанова Анар
25. Жақыпов Қабиболла
26. Жамалов Аманжан
27. Жарасов Жанат
28. Жылқышиев Байділдә
29. Звольский Сергей
30. Иксанова Гүлнар
31. Имашева Снежанна
32. Исимбаева Гүлмира
33. Казанцев Павел
34. Каратаев Фахриддин
35. Кесебаева Балайым
36. Клименко Иван
37. Козлов Евгений
38. Қайназаров Уәлихан
39. Қаныбеков Сәкен
40. Қаракен Құралай
41. Қарақұсова Гүлжан
42. Қожахметов Арман
43. Құрманова Айзада
44. Құсайынов Серік
45. Мамыраев Бейбіт
46. Махамбетов Мансұрхан
47. Мәкен Бақтияр
48. Мусин Қанат
49. Мұсырман Кәрібай
50. Нұркина Айгүл
51. Нұрманбетова Жәмила
52. Олейник Василий
53. Омарбекова Жанат
54. Омаров Сапархан
55. Оспанов Берік
56. Өксікбаев Омархан
57. Өтебаев Сәкен
58. Өтемісов Шавхат
59. Платонов Артур
60. Пішембаев Мейрам
61. Сабильянов Нұртай
62. Сапарова Әлия
63. Сейдуманов Серік
64. Симонов Сергей
65. Скляр Роман
66. Смағұл Бақытбек
67. Смағұлов Асылбек
68. Суслов Александр
69. Сұлтанов Қуаныш
70. Тасболатов Абай
71. Теміржанов Мұрат
72. Тілеухан Бекболат
73. Тінікеев Мұхтар
74. Унжакова Ирина
75. Үмбетов Серік
76. Хаменова Бақтыгүл
77. Хитуов Тарас
78. Чирков Михаил
79. Шарапаев Петр
80. Шиповских Геннадий
81. Шишигина Ольга
82. Щегельский Глеб
83. Ізмұхамбетов Бақтықожа
84. Яковлева Татьяна
Дереккөз: akorda.kz