Атырау, 29 қараша 03:34
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Қазақстан уәкілі Женевада адам құқығы мәселесін талқылады

2 048 просмотра

Фото: azattyq.orgҚазақстанның адам құқығы жөніндегі уәкілі Асқар Шәкіров Женевада БҰҰ-ның адам құқығы жөніндегі комиссары басқармасының Еуропа және Орталық Азия бөлімінің басшысы Хулан Цедевпен, Ұлттық құқық қорғау ұйымдарының халықаралық үйлестіру кеңесінің өкілі Катарина Розамен кездесті. Бұл туралы уәкілдің баспасөз қызметі хабарлады.

Уәкілдің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа қарағанда, кездесуде қазіргі замандағы адам құқығын қорғау, Қазақстандағы омбудсмен кеңсесін институт ретінде нығайту, тұрғындардың әлсіз топтарының құқығын қорғау, БҰҰ органдарының ұсыныстарын орындау және азаматтық қоғаммен өзара іс-қимыл жасау мәселелері талқыланған.

Шәкіров бұған қоса Женевада Ұлттық құқық қорғау ұйымдарының халықаралық үйлестіру кеңесінің жыл сайынғы кездесуіне қатысқан. Кездесуде қақтығыс және қақтығыстан кейінгі жағдайдағы адам құқығын қорғау, миграциялық дағдарыс, діни төзімсіздікпен, нәсілшілдік пен ксенофобиямен күрес және бұл мәселелерді шешудегі ұлттық құқық қорғау ұйымдарының рөлі талқыланған.

Дереккөз: azattyq.org

24 наурыз 2016, 11:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.