Атырау, 29 қараша 03:31
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Алматыда адамдардың сайлауға белсенді түрде қатыспауы теңгенің құнсыздануымен байланыстырылды

1 799 просмотра

Алматы қалалық территориялық сайлау комиссиясының төрағасы Бақытжан Доспанов адамдардың сайлауға аз қатысуына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мұны адамдардың аз келуі демес едім. Динамикаға қатысты айтсақ, біз сайлауды бірінші рет өткізіп отырған жоқпыз ғой. 2007 жылы, мәселен, Алматыда сайлаушылардың үлесі 25 пайыз болды. 2012 жылы сайлауға 41 пайыз адам қатысты. (...) Жақсы ма, жаман ба, білмеймін, бірақ Алматы ауыл тұрғындары көп өзге облыстарға қарағанда сайлауға аз келетінімен ерекшеленеді", - деді Доспанов.

Территориялық сайлау комиссиясының төрағасының айтуынша, төмен көрсеткіштер әлемдік экономикадағы жағдайға байланысты.

"Менің жеке пікірім - 2007 жылы ел 2008 жылы басталған дағдарыс қарсаңында болды. Егер 2012 жылды алып қарсақ, ел тұрақты болды, мұнай бағасы тұрақты болды, халықтың табысы тұрақты болды. Сондықтан халық сайлауға белсенді түрде қатысқан болар. Бүгінде әлемдік экономикадағы жағдай жақсы емес. Бұл, әрине, қазақстандықтардың өмір сүру деңгейіне әсер етеді, оның ішінде алматылықтарға. Соңғы екі жылда теңгенің айтарлықтай құнсызданғанын жақсы білесіздер. Меніңше, адамдардың сайлауға қызығушылық танытпауының себебі экономикалық себептерде. Алматы - лакмус қағазы сияқты", - деп есептейді Доспанов.

"Біз негізінде адамдардың сайлауға қатысу көрсеткіші 30-40 пайыз болады деп күттік. 34 пайыз - барлық дамыған елдерде орташа көрсеткіш. Сондықтан Алматы әлемдік, еуропалық стандарттарға таяп келеді. Олардың таңдауын құрметтеуіміз керек - дауыс бергендердің де, дауыс беруге келмеуді дұрыс деп шешкендердің де", -деді территориялық сайлау комиссиясының төрағасы.

ОСК мәліметінше, Алматыдағы 532 сайлау учаскесінде 1 038 022 сайлаушы тіркелген. 353 мың 965 адам дауыс берді. Алматы бойынша сайлауға қатысқандардың үлесі 34,1 пайызды құрады.

Дереккөз: tengrinews.kz

23 наурыз 2016, 15:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.