Атырау, 14 қаңтар 10:20
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 509.75
€ 594.67
₽ 6.46

Головкин Рио Олимпиадасына қатыса алмайды

1 762 рет қаралды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Дүниежүзілік бокс кеңесі өкілдерінің пікірінше, Халықаралық әуесқой бокс қауымдастығы (AIBA) кәсіпқой боксшылардың Олимпиадаға қатысуына жол беру арқылы, жай ғана қателік емес, қылмыс жасап отыр, себебі кәсіпқойлар мен әуесқойлар бір-бірімен жұдырықтасу үшін дайындығы түрлі деңгейде болады, деп хабарлайды vRINGe.

«WBC жоғары деңгейдегі кәсіпқойлардың ешқайсысы Олимпиада ойындарына қатысуды ойламайды, себебі бұл - өте қауіпті», - делінген ұйым мәлімдемесінде.

«Бұл мәселе (кәсіпқойлар мен әуесқойларды араластыру - vRINGe) толық түсінікті болмайынша және жарыс форматы қауіпсіз деп бағаланбайынша, WBC өз чемпиондары мен ұйымның бүкіл үздіктер рейтингіндегі боксшыларға Риода алдағы уақытта өтетін ойындарға қатысуға тыйым салады», - деп мәлім етті WBC шенеуніктері.

Еске сала кетейік, 2 наурызда AIBA басшысы Чинг-Куо Ву маусымда AIBA жарғысына өзгерістер енгізілген соң кәсіпқойлар Рио-де-Жанейродағы 2016 жылғы Олимпиадаға қатысу құқығын алатынын мәлімдеді. Геннадий Головкин - WBC тұжырымдамасы бойынша уақытша әлем чемпионы.

Дереккөз: inform.kz

16 наурыз 2016, 12:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.