Атырау, 29 қараша 03:29
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Алматыда діни ұйым жетекшісіне айыппұл салынды

1 518 просмотра

Фото: azattyq.orgАлматыда "Иегова куәгерлері христиан қауымы" діни бірлестігінің жетекшісіне әкімшілік айыппұл салынды. Алматы қалалық соты баспасөз қызметінің хабарлауынша, қалалық ауданаралық мамандандырылған әкімшілік соты діни ұйым жетекшісі Р.Б. есімді азаматты әкімшілік кодекстің 490-бабының 7 тармағы бойынша (діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заң талабын бұзу) айыпты деп тауып, 50 айлық есептік көрсеткіш (106 мың 500 теңге) көлемінде айыппұл салған.

Сот мәліметінше, діни ұйым жетекшісі 2015 жылдың соңында кәмелетке толмаған төрт баланы ұйымның діни құлшылығына қатыстырған. "Р.Б. кәмелеттік жасқа толмағандарды олардың бірінің ата-анасы қарсы болса да діни ұйым қызметіне тартуға жол берген" делінген соттың баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Сотта Р.Б. іс-әрекетінде заң бұзу белгісі жоқ деп, кінәсін мойындамаған.

Үкім заңды күшіне енген.

Дереккөз: azattyq.org

16 наурыз 2016, 10:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.