Атырау, 29 қараша 03:49
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Жармахан мәжіліс сайлауына бойкот жарияламақ

1 642 просмотра

Фото: azattyq.orgЖалпыұлттық социал-демократиялық партия жетекшісі Жармахан Тұяқбай партияның алдағы сайлауға бойкот жариялауы мүмкін екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды «Қамшы»порталы informburo.kz-ке сілтеме жасап.

«Біз барлық нұсқаларды қарастырып жатырмыз. Әзірге нақты шешім қабылдамадық. Тек ойланып жатырмыз», - деген Жармахан Тұяқбай.

Партияның алматылық филиалындағылар да мұндай шешімнің күн тәртібінде жоқ еместігін айтқан.

«Қазір бойкот жариялау мүмкіндігін талқылаудамыз. Бұған дейін біздің сайтта билік тарапынан сайлаудың әділ де жария өтуіне мүмкіндік бермейтін әділетсіз қадамдар жасалып отырғаны жарияланған болатын. Партияның кейбір мүшелері сайлау алды додадан шығуды, бойкот жариялап, сол бағытта үгіт жүргізуді ұсынуда. Яғни, әлі талқылау үстіндеміз. Біз съезд кезінде-ақ, бойкот жариялау мүмкіндігімізді айтқан болатынбыз. Сол сәт келген сияқты. Қазір конференция өткізу туралы бастама көтерілді. Бүгін-ертең өңірлердегі өкілдер, тағы басқа өкілдермен осы мәселені талқылаймыз», - деген ЖСДП Алматы филиалының жетекшісі Тазабек Сәмбетбай.

Естеріңізге салсақ, ЖСДП партиялық тізімін Орталық сайлау комиссиясына 7 ақпанда ұсынған болатын. Партиялық тізімді Жармахан Тұяқбай, Айдар Әлібаев, Петр Своик, Балташ Тұрсымбаев, Зәуреш Батталова сынды саясаткерлер бастап тұр.

Бұған дейін, партия мүшелері саясаткер П. Своикті ЖСДП қатарынан шығару туралыбастама көтерген еді.

Дереккөз: qamshy.kz


15 наурыз 2016, 15:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.