Атырау, 2 мамыр 11:42
 ашықВ Атырау +23
$ 442.05
€ 474.14
₽ 4.74

Наурыз мейрамына орай бензин бағасы төмендеді

2 043 просмотра

«ҚазМұнайГаз Өнімдері» ЖШС Наурыз мейрамына орайластырылған акцияның басталғанын хабарлайды: 14 наурыздан бастап АИ-92 маркалы бензин бағасы төмендеді, енді оның бір литрі – 118 теңге, деп хабарлайды BNews.kz.

«14 наурыздан бастап «ҚазМұнайГаз» ЖЖС-нің барлық желісінде АИ-92 маркалы бензиннің құны арзандады, енді оның бір литрі 118 теңгеден сатылады. Сондай-ақ 1 наурыздан бастап ЖЖС желісінде клуб картасы бар жүргізушілерге жеңілдік жасалатынын хабарлаймыз.

Айына 150 литрге дейін жанар-жағармай сатып алған жағдайда клиент Standard деңгейіне және жеңілдікке ие болады – литріне 1 теңге, ал айына 150-ден 349 литрге дейін Silver деңгейі мен жеңілдік – литріне 2 теңге, ал бір айда 350 литрден көп болса, Gold деңгейі мен жеңілдік ұсынылады – литріне 3 теңге», - деп мәлімдеді компаниядан.

Бұған қоса, 31 мамырға дейін 300 литрден көп мөлшерде жанармай сатып алған клуб карталарының иелері құнды жүлделер мен үш автокөлік ойнатылатын ұтыстарға және акцияларға қатыса алады.

Дереккөз: bnews.kz



15 наурыз 2016, 10:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.