Атырау, 29 қараша 01:28
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Қазақстандағы үш зауыт жылына 130 тонна алтын шығара алады

1 885 просмотра

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандағы аса құнды металдарды аффинаждау саласындағы үш зауыт жылына 130 тонна алтын шығара алады. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында «Тау-Кен Алтын» ЖШС аффинаж зауытының директоры Мейрамғали Тілеужанов мәлім етті.

«Егер шикізат болса, Қазақстанның үш зауыты бірігіп 130 тонна алтын шығаруға мүмкіндік бар. Оның ішінде «ҚазЦинк» зауытында жылына 52 тоннаға дейін өндіруге, «Қазақмыста» 10 тонна алтын шығаруға, ал «Тау-Кен Алтын» 70 тоннаға дейін өндіруге мүмкіндік бар. Орташа есептегенде Қазақстан 130 тонна деңгейінде алтын шығаруға қауқарлы»,-деп тоқталды М. Тілеужанов.

Осы орайда ол бұл өте жақсы көрсеткіш екенін атап өтті.

Таратылған мәліметке қарағанда, 2015 жылы Қазақстандағы осы үш аффинаж зауыттарында алтын өндіру 2014 жылмен салыстырғанда 15 пайызға артты. Бұл тұрғыда былтыр тазартылған алтын көлемі 30 тоннадан астам деңгейді өндірілді.

М. Тілеужановтың сөзіне қарағанда, 2015 жылы «Тау-Кен Алтын» ҚР Ұлттық банкіне 10 тоннадан астам алтын өткізді, ал 2016 жылы 14 тонн таза алтын стандарттық құймаларын шығаруды жоспарлап отыр.

Дереккөз: inform.kz

15 наурыз 2016, 10:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.