Фото: 24.kzБұдан былай мұнай базасында бірнеше кәсіпкер бірлесіп қор жинау мүмкіндігіне ие болады. Бұл – "Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерінің айналымын және өндірісін мемлекеттік реттеу туралы" заң жобасына енгізілетін өзгеріс. Құжат бүгін Сенаттың комитет отырысында қаралды.
Айта кету керек, қолданыстағы заң бойынша, база жартылай бос болған күннің өзінде бірнеше кәсіпкер мұнай өнімдерін бір жерде сақтай алмайтын. Мұнай тасымалымен айналысатын компанияларға қойылатын талаптар да өзгереді. Бұл жаңалықтар саланың ашық әрі жариялы жұмыс жасауына қолайлы жағдай жасайды. Ал заңға енгізілген толықтырулар баға саясатына әсер етпейді.
Михаил Бортник, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
- Еліміздегі 300-ден астам базаны бір кәсіпкерден жалға алатын болса, мұнай қорын жинау мүмкін болмайды. Заңға енгізілген өзгерістер кәсіпкерлердің жалға алу қаржысын үнемдеуге де сеп болмақ және бұл бастама сатылымға шығарылатын өнім бағасына ықпал етуі мүмкін.
Дереккөз: today.kz