Мәжiлiс сайлауында Украинадан бақылаушылар болмайды. Бұл туралы Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығынан Бақылаушылар миссиясы штабының басшысы Евгений Слобода Орталық сайлау комиссиясының брифингi барысында мәлiмдедi, деп хабарлайды BNews.kz тiлшiсi.
«Заң бойынша ертең тіркеу аяқталады. Бiздiң миссия құрамында 301 бақылаушы болады. Миссия құрамында барлық ТМД елдерiнiң өкiлдерi бар. Тек Украина мен сәйкесiнше Қазақстаннан бақылаушылар болмайды. Сондай-ақ, ТМД-дан халықаралық ұйымдардың бақылаушылары қатысады. Миссия құрамындағылардың кәсiби деңгейi жоғары. Сайлау күнi бақылаушылар Қазақстанның барлық облыстарында, Астана мен Алматы қалаларында бақылау жүргiзедi. Олар сайлау учаскесiнiң ашылуына қатысады, күнi бойы бақылап, дауыс санауға да қатысады. Сайлау процесi жайлы ақпарат штабқа 3 сағат сайын жiберiлiп отырады. 21 наурызда бақылаушылар Парламет Мәжiлiсiне 9 депутат сайланатын Қазақстан халқы Ассамблеясының кезектен тыс сессиясына қатысады», - дейдi Е.Слобода.
Оның айтуынша, Миссия бүгiннен бастап 16 наурызға дейiн кездесулер өткiзудi жоспарлап отыр. Кездесулер ҚР Сыртқы iстер министрлiгi, Бас прокуратура, Жоғарғы сот пен Конституциялық кеңесте өтедi. Онда сайлау науқанының барысы туралы мәселелер талқыланады. Және де штаб басшысының мәлiмдеуiнше, ОСК жоспарлаған барлық шаралар ұйымдастырған түрде «Сайлау туралы» заң шеңберiнде жүргiзiлiп жатыр. Ол сайлау күнi журналистерге қажеттi ақпарат беруге дайын екендiгiн жеткiздi. Сайлау аяқталысымен баспасөз мәжiлiсiн өткiзетiнiн де айтты.
Естерiңiзге сала кетсек, шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың бақылаушыларын тіркеудi Орталық сайлау комиссиясы бүгiнгi күннiң соңына дейiн жүргізіледі.
Дереккөз:bnews.kz