Фото: azattyq.orgҚазақстандағы Байқоңыр ғарыш айлағынан сенбі күні кешке ұшырылады деп жоспарланған «Союз-2.1б» зымыран-тасығышының ғарышқа сапарын автоматтық жүйе тоқтатқан. Бұл туралы «Новости» агенттігі хабарлады.
Ресейдің ғарыш қызметі жөніндегі «Роскосмос» мемлекеттік корпорация сайтындағы қысқа ақпаратта «техникалық себептерге байланысты жерді қашықтан бақылайтын «Ресурс-П» ғарыш аппараты бар «Союз-2.1б» зымыран тасығышын ұшыру мерзімі 2016 жылы 13 наурызға, Мәскеу уақытымен 21 сағат 56 минут шамасына ысырылғаны» айтылған. Сонымен бірге «Роскосмос» Байқоңырдан ғарыш аппараттарын ұшыру туралы наурыз айына белгіленген кестеге өзгерістер енгізілмейтіні жайлы хабарлаған.
Бұған дейін, жұма күні Байқоңырдағы ұшу алаңына «Протон-М» зымыран тасығышы орнатылғаны, ол 14 наруыз күні ресейлік-еуропалық ExoMars-2016 ғарыш аппаратын ғарышқа алып ұшатыны туралы ақпарат тараған.
Ал 19 наурызда «Союз-ФГ» зымыран тасығышы «Союз ТМА-20М» ғарыш кемесін экипажымен бірге халықаралық ғарыш станциясына жеткізу үшін Байқоңырдан ұшырылмақ.
Дереккөз: azattyq.org