Фото: inform.kzБАЙҚОҢЫР. ҚазАқпарат - Наурыз мерекесі қарсаңындағы аптада Байқоңыр ғарыш айлағы тығыз жүктемемен жұмыс істейтін болды. 2016 жылғы 12-19 наурызда Байқоңыр ғарыш айлағынан үш ұшырылым жүзеге асырылмақ.
13 наурызға қараған түні «Ресурс-П» Жерді қашықтан зондтаудың ресейлік ғарыш аппаратымен (ҒА) «Союз-2.1б» зымыран тасығышын ұшыру жоспарлануда.
2016 жылғы 14 наурызда мәскеу уақыты бойынша 12:31-де Байқоңыр ғарыш айлағының №200 алаңынан «Протон-М» ғарыштық мақсаттағы зымыранын ұшыру жоспарланған, ол ExoMars-2016 («ЭкзоМарс-2016») ресейлік-еуропалық миссиясының ғарыш аппаратын орбитаға шығаруы тиіс.
19 наурызда Байқоңыр ғарыш айлағының Гагариндік ұшыру алаңынан Халықаралық ғарыш стансасына кезекті экипаж ұшады. Ұшуға Роскосмос ғарышкерлері Алексей Овчинин мен Олег Скрипочка және НАСА астронавты Джеффри Уилльямс әзірленуде. «Союз ТМА-20М» басқарылатын кемемен «Союз-ФГ» зымыран тасығышын ұшыру 2016 жылғы 19 наурызға қараған түнге жоспарланған.
Дереккөз: inform.kz