Атырау, 29 қараша 01:27
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

ҰҚК: Видеодағы содырлар - Қазақстан азаматтары

1 595 просмотра

Фото: azattyq.orgҚазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) өткен аптада әлеуметтік желіде таралған, қолдарына автомат ұстаған қазақ және орыс тілінде сөйлейтін жастар түскен видеоның Сирияда түсірілгенін хабарлады.

Азаттықтың жазбаша сауалына берген жауабында ҰҚК видеоның Сирияда түсірілгенін және оның 2014 жылдан бері белгілі екенін айтады. "Бейнежазбада көрсетілген Қазақстан азаматтарынан тұратын содырлардың бәрі анықталған, олардың үстінен қылмыстық іс қозғалып, тергелуде" делінген ҰҚК жауабында. Бірақ ҰҚК видеодағы адамдардың қаншасы Қазақстан азаматы екенін және олардың аты-жөнін айтпаған.

Өткен аптада Facebook желісінде сақал қойған, қолдарына автомат ұстаған бірнеше жас жігіттің белгісіз аймақта жүргені туралы видео тараған. Видеодағы жастардың қазақ және орыс тілдерінде араластырып сөйлеп, сол жердегі өзге ұлт жастарымен амандасқаны, "Аллаху акбар", "Такбир", Машаллах" дегендері естіледі. Видеоға түскендер өздері жайлы, қай жерде, не істеп жүргендері туралы ешнәрсе айтпайды.

ҰҚК бұған қоса видеонын экстремистік сипатта болуына байланысты "оны әйгілеуге әкеліп соғатын жариялаулардан тартынған жөн екенін" ескертеді.

Бұған дейін ҰҚК экстремистік "Ислам мемлекеті" (ИМ) ұйымы қатарына 300-ден астам қазақстандық қосылғанын, оның тең жартысы әйелдер екенін хабарлаған.

Дереккөз: azattyq.org

11 наурыз 2016, 12:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.