Атырау, 29 қараша 01:38
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Допинг қолданған қазақстандық ауыр атлет өмір бойына спорттан шеттетілді

2 303 просмотра

Фото: 24.kzАСТАНА. ҚазАқпарат - Халықаралық ауыр атлетика федерациясы IWF зертханалық допинг-бақылау сараптамаларының негізінде қазақстандық спортшы Фаина Сиванбаеваны өмір бойына барлық деңгейдегі спорттық шаралардан шеттетті. Бұл туралы Ауыр атлетика федерациясынан хабарлады.

Осыған дейін спортшы допингке қарсы ережелерді бұзғаны үшін 2012-2014 жылдары аралығында спорттық шаралардан шеттетілген. Спортқа оралғаннан кейін ұлттық және халықаралық деңгейдегі жарыстарға қатысты.

2015 жылы 7 қыркүйекте Таиландта өткен ауыр атлетика бойынша Азия чемпионатының қорытындысы бойынша спортшыдан алынған допинг-бақылаудың «А» сынамасында тыйым салынған заттардың болғаны анықталды. Ішкі тергеу қорытындысы аталған препаратты әдейі қолданғанын көрсетті.

Аталған фактілерге сәйкес, Тәртіптік кеңес спортшыны өмір бойына жарыстардан шеттету шешімін қабылдады.

«Ауыр атлетика федерациясы допингпен күресуде түрлі шаралар қабылдап жатыр. Фаина мұндай заңсыздыққа үшінші рет барып отыр. Сондықтан Халықаралық ауыр атлетика федерациясы осындай қатал шараны қолданып отыр», - деді ҚР Ауыр атлетика федерациясының бас хатшысы Омар Мұстафин.

Дереккөз:inform.kz

11 наурыз 2016, 12:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.