Атырау, 10 қазан 07:28
 ашықВ Атырау +20
$ 489.06
€ 536.21
₽ 5.05

Биыл 4 мыңға жуық елордалық оқушы ҰБТ тапсырады

2 219 просмотра

Астана. 9 наурыз. ҚазТАГ - Биыл 4 мыңға жуық елордалық оқушы ҰБТ тапсырады, деп хабарлады Астана әкімінің баспасөз қызметінен.

«Ертең елордада Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысу туралы өтініштер қабылдау басталады және 25 сәуірге дейін жалғасады. Қалалық Білім басқармасының мәліметінше, биыл 4 мыңға жуық елордалық оқушы тест тапсырады деп күтілуде», - делінген сәрсенбіде таратылған ақпарда.

Баспасөз қызметінің ақпарынша, 192 оқушы «Алтын белгіге» үміткер.

«ҚР Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің өкілдері мұғалімдермен, ата-аналармен және мектеп түлектерімен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Мектептерде сынақтар, қосымша сабақтар жүргізілуде, сондай-ақ, жыл сайын түлектер психологиялық тұрғыдан дайындалады», - делінген баспасөз парақшасында.

Биыл Ұлттық бірыңғай тестілеу 1-15 маусым аралығында бұрынғы формат бойынша үш жерде өтеді.

Дереккөз: ҚазТАГ

9 наурыз 2016, 18:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.