Атырау, 29 қараша 00:49
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Қазақстанда теңіз түбіндегі миналар әзірленеді

2 450 просмотра

Image 0көрнекі суретАстана. 9 наурыз. ҚазТАГ – «ЗИКСТО» АҚ қазақстандық зауыты Қазақстан Қарулы Күштерінің Әскери-теңіз күштері үшін теңіз түбіндегі миналарды шығаруға дайын, деп хабарлады ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен.

«Бірінші кезеңде кәсіпорын еліміздің ӘТК үшін төрт тәжірибелі үлгіні әзірлеуді ұсынып отыр», - делінген сәрсенбіде таратылған қорғаныс министрлігінің хабарында.

Хабарда айтылғандай, оң шешім болған жағдайда кәсіпорын өнімнің аталған түрін әрі қарай сериялық өндіру үшін бұйымдарды толық пысықтау жөнінде жұмыс жүргізуді жоспарлап отыр.

«Бүгінгі күні шартты қарсылас десантының түсіруінен Каспий теңізінің су айдынын қорғау тұжырымдамасы мәселелері талқылануда. Мұнда зауытымыз өндіретін үлгілер қолданылады. Әлбетте, біз оларды толық пысықтаймыз. Сынамадан кейін пысықтау кезінде Каспий жағалауларын қорғау үшін аталмыш үлгілерді пайдалануға болады», - деп келтіреді баспасөз қызметі «Зиксто» АҚ-тың бас директоры Валерий Спициннің сөзін.

Кәсіпорын басшылығының айтуынша, қазіргі уақытта ҚР Қорғаныс министрлігі және «Қазақстан инжинирнинг» АҚ-пен өзара ынтымақтастығымыздың арқасында зауытпен жұмыс жүргізіліп, 2015 жылы осы миналардың екі үлгісін жеткізуге Ресей Федерциясымен келісімшартқа қол қойылды.

ҚР қорғаныс министрлігінің ақпарынша, теңіз түбіндегі миналар – бұл теңіз миналарының бір түрі. Олар теңіз түбіне орнатылады және миналар үстінде өтетін магниттік, акустикалық немесе кеменің өзге де физикалық алаңының әсер етуінен іске қосылады.

Дереккөз: ҚазТАГ

9 наурыз 2016, 17:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.