Атырау, 14 қаңтар 11:56
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 509.75
€ 594.67
₽ 6.46

Қасым-Жомарт Тоқаев КХДР-дың ядролық қарулануына қатысты мәлімдеме жасады

2 682 рет қаралды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Парламенті Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Твиттер әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында КХДР-дың ядролық қарулануы төңірегіндегі жағдайға байланысты мәлімдеме жасады.

«Солтүстік Кореяның ядролық қарулануы халықаралық қауіпсіздікке қауіп төндіреді. Режімге қарсы БҰҰ-ның мақсатты санкциялары керек, бірақ тұрғындарға зардабын тигізбеуі қажет», - деді Қ.Тоқаев.

«Израильдегі лаңкестіктер - халықаралық лаңкестіктің жаңа көрінісі. Онымен күресу үшін жаһандық коалиция құру қажет», - деп жазды Сенат спикері.

Естеріңізге сала кетейік, КХДР басшысы Ким Чен Ын баллистикалық зымырандарды жарақтандыру үшін ядролық зарядтар массасы төмендетілгенін мәлімдеген болатын. Оның айтуынша, бұл қадам - «алдын алу әрекеті».

Дереккөз: inform.kz

9 наурыз 2016, 16:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.