expertonline.kzАстана. 9 наурыз. ҚазТАГ – 2015 жлғы 1185 жүкпен салыстырғанда ағымдағы жылдың қаңтар-ақпанында Қазақстан мен Орталық Азия елдеріне Ақтау порты арқылы Түркиядан 1660 астам жүк көлігі өтікен, деп хабарлады «Қазақстан темір жолы» АҚ баспасөз қызметінен.
«Кездесу барысында Түркиядан Ақтау арқылы Орта Азия мен Қазақстанға қарай автокөлікпен жүк тасымалдау ағынын көбейту мәселесі қаралды. Өткен екі айда ғана 1660 автокөлік өткізілді. Өткен жыл бойына бұл көрсеткіш -1885 қана болатын», - делінген сәрсенбіде таратылған хабарда.
Баспасөз парақшасында көрсетілгендей, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ делегациясы Асқар Маминнің басқаруымен Стамбулдағы «EurasiaRail 2016» конференциясындағы алтыншы халықаралық темір жол көрмесіне қатысты.
Көрме және форум аясында «ҚТЖ» ҰК» АҚ президенті Асқар Мамин Түркияның көлік саласының жетекшілері – көлік, коммуникация және теңіз көлігі министрі Бинали Йылдырым және мемлекеттік темір жолдың бас директоры Омер Йылмызбен кездесті.
«Кездесулер барысында Қытай-Түркия- Еуропа бағытындағы Транскаспий халықаралық көлік бағдарына (ТХКБ) қатысты мәселелер қаралды. Түркияның көлік саласының жетекшілері – көлік, коммуникация және теңіз көлігі министрі БиналиЙылдырым 2016 жылы қазанда аяқталатын Карс-Ахалкалаки темір жол желісінің құрылыс барысы туралы әңгімеледі», - делінген хабарда.
Түркия мен Грузия аралығында жаңа темір жол бағдарын жүргізу Транскаспий халықаралық көлік бағдары аясында жұмысты жандандыруға тың серпін береді.
А. Маминнің айтуынша, аталмыш бағдар сыртқы нарыққа шығуды көздеген халықаралық көліктік логистикалық қауымдастықтың қызығушылығын туғызып отыр. Оның ішінде Қытай нарығы мен Түркия және Еуропа елдерінің оңтүстік бөліктері жаңа шешімдерді қажет етеді.
Тараптар атап өткендей, Транскаспий халықаралық көлік бағдарын дамытуға және оның бәсекелестікке сай болуына орай үлкен жұмыстар атқарылуда. Оның ішінде, тиімді тарифтік саясат, жүк тасымалдаудың бірыңғай технологиясын енгізу, ықпалдасқан логистикалық өнім шығаруға басты назар аударылды.
Дереккөз: ҚазТАГ