Атырау, 29 қараша 00:56
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Елімізде қыз-келіншектердің таңдаулы көлігі анықталды

2 347 просмотра

АСТАНА. ҚазАқпарат - 8 наурыз мерекесі қарсаңында kolesa.kz автокөлік сайты жүргізуші қыз-келіншектер арасында сауалнама ұйымдастырды. Онда аруларға лайықты саналатын автокөлік таңдалды.

«Ерлерге лайықты көліктер қандай екені бесенеден белгілі. Алайда әйелдердің көңілінен шығатын машинаны таңдау қиын. Сондықтан біз оқырмандарға төмендегі 10 нұсқаның бірін таңдауды ұсындық. Daewoo Matiz, Kia Picanto, Mini Hatch, Hyundai Accent, Nissan Juke, BMW X3, Toyota RAV4, Range Rover Evoque, Lexus RX, Mercedes-Benz G-Class», деп жазады көлік сайты.

Сауалнамаға 780 адам қатысты. Олардың пікірінше 19.6 пайыз нәтижемен Toyota RAV4 кроссовері қыз-келіншектердің үздік көлігі деп танылды. Екінші орында - тағы да бір жол таңдамайтын Nissan Juke жапондық көлігі (19.1 %), үшінші орынға ең арзан әрі көлемі де шағын Daewoo Matiz (14.7 %) тұрақтады.

Гелендваген бұл тізімге әзіл үшін орналастырылған, сонда да ол 4-орынға ілінді, яғни үлкен әрі қуатты көлікті қыз-келіншектер де ұнататын болып шықты.

Дереккөз: inform.kz

7 наурыз 2016, 10:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.