Атырау, 29 қараша 00:49
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Қазақстанның үш облысында бір тәулікте қар құрсауынан 444 адам шығарылды

2 111 просмотра

Фото: inform.kzАСТАНА. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан, Ақмола және Қостанай облыстарының күре жолдарында апаттық-құтқару жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлады ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов.

Қазіргі кезде бір тәулікте аталған облыстар бойынша (СҚО, Қостанай, Ақмола облыстары) 444 адам қауіпсіз жерге шығарылды, соның ішінде 11 бала болған, ал 174 техниканы сүйреп шығарды.

«6 наурызда бір күннің ішінде облыстағы Тимирязев, Есіл, Айыртау, Ғ.Мүсірепов және Тайынша аудандарының күре жолдарында қар құрсауында қалудың 48 оқиғасы тіркелген, соның ішінде құтқарушылар, жол қызметтері, жергілікті атқарушы органдардың күшімен ішінде 108 жолаушы болған 73 техника қауіпсіз жерге шығарылды», - деп хабарлады Р.Иманқұлов.

Қауіпсіз жерге шығару бойынша негізгі жұмыстар Айыртау ауданында да жүргізіліліп жатыр.

Қазіргі кезде апаттық-құтқару және эвакуациялық жұмыстар жалғастырылуда.

Апаттық-құтқару жұмыстарын жүргізуді үйлестіру мақсатында СҚО ТЖД-нің дағдарыс орталығында жедел штаб құрылған. Зардап шеккендер жоқ.

«Облыс тұрғындары соның ішінде смс-хабарламалар арқылы ауа райының қолайсыздығы туралы ескертілгенін атап өтейін - ұялы байланыстың 565 мыңнан астам абоненттеріне хабарлама жіберілген. Дауылды ескерту туралы сондай-ақ Петропавл қаласының басқару органдары, облыс аудандары, кәсіпорындары хабарланды», - деп қосты ол.

Тұрғындарға ауа райының қолайсыз жағдайында көлікпен ұзақ жолға шығу қауіпті екені туралы тағы ескертілді.

Дерккөз:inform.kz

7 наурыз 2016, 10:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.