Фото: azattyq.orgҚазақстан президентінің баспасөз хатшысы Дәурен Абаев Нұрсұлтан Назарбаевтың Астанадағы алғашқы «Макдоналдсқа» неге барғанын түсіндірді деп хабарлайды Tengrinews агенттігі.
Дәурен Абаев «Визит мақсаты прагматикалық, әуелі болашақта бұл желіде 20 мыңға жуық адам жұмыс істейтін болады. Екіншіден, “Макдоналдс" өнімдерінің 70−80 пайызы жергілікті азық-түліктен жасалатын болды: Үшіншіден, инвесторлар бір елге кірерде сол елдердегі әлемдік брендтарға қандай жағдай жасалғанын зерттейді. Бұл тізімде әрине “Макдоналдс"та бар. Солай олар азаматтардың төлем қабілетін, нарықтың мүмкіншіліктерін, елдегі экономикалық жағдайды бағалайды. Сондықтан, кешегі оқиға президенттің шетелдік инвесторларды Қазақстанға келуге шақыру, осында қаражат салуға үндеу» деген.
Ақорданың ресми сайты 5 наурыз күні мемлекет басшысының «Макдоналдс» корпорациясының Қазақстандағы алғашқы кәсіпорны жұмысымен танысып, еңбек ұжымымен әңгімелескенін хабарлаған еді.
Дереккөз:azattyq.org