Атырау, 24 желтоқсан 21:30
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -6
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

ІІМ өкілдері айыппұлдардың бір жылдан кейін орындауға жатпайтынын айтып берді

2 361 рет қаралды

фото: tengrinews.kzҚазақстанның Ішкі істер министрлігінің өкілдері айыппұлдардың бір жылдан кейін өшірілетін нормасы жайлы айтып берді, - деп хабарлайдыTengrinews.kz тілшісі.

Ведомство министрінің блогына қолданушы Олег Арестов былай деп сұрақ қойды: Түсіндіріп беріңіздерші, жол қозғалысы ережесін бұзуға салынған айыппұл бір жылдан кейін сот арқылы орындалмаған болса, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 890-бабының негізінде оларды орындауға жата ма?".

Министрліктегілер бұл мәліметті растады. "ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 886-бабының "Әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулыны орындауға келтіру" 1-бөлігіне сәйкес, әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулыны осы Кодексте белгiленген тәртiппен осыған уәкілеттік берілген органдар орындауға келтіреді. Әкімшілік өндірістердің кейбір түрін орындау тәртібі ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 52-тарауда қарастырылған (892-918-баптар). Айыппұлды бір жыл ішінде орындау процедурасы өткізілмесе, ол орындауға жатпайды", - деп хабарлады ҚР ІІМ өкілдері.

Дереккөз: tengrinews.kz

4 наурыз 2016, 15:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.