Қазақстан – Ресей шекарасынан мұнайға арналған 20 тоннаға жуық металл құбырларды заңсыз алып өтпек болғандар қолға түсті, деп хабарлайды BNews.kz.
Ақтөбе шекаралық жасағына қарасты «Әлімбет авто» өткізу бекетінің қызметкерлері тиісті құжаттарсыз жүк тасымақ болған 36 жастағы ҚР азаматын тұтқындады, деп хабарлайды ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі.
«ДАФ» көлігімен ұсталған күдікті жалпы салмағы 19 670 келі мұнайға арналған металл құбырларын өткізбекші болған. Күдіктіні тұтқындау туралы мәлімдеме Қарғалы ауданының құқық қорғау органдарына жолданды.
Дереккөз: bnews.kz