Атырау, 25 желтоқсан 02:25
 бұлттыВ Атырау -11
$ 511.00
€ 602.72
₽ 6.49

Қазақстандағы жаңа ұялы байланыс операторы 7 млн абонентті біріктірді

1 638 рет қаралды

Астана. 3 наурыз. ҚазТАГ - Жанболат Мамышев. Біріктірілген ұялы оператор «Алтел» АҚ мен Tele2-де 7 млн абонент бар, деп мәлімдеді «Қазақтелеком» АҚ басқармасының төрағасы Қуанышбек Есекеев.

«Жалпы біздегі клиенттік база қазір 7 млн құрайтын болады, нарықты қамту 20% болады... Мен болашақта да баға саясатында сол беталысты сақтап қаламыз деп ойлаймын және бұдан екі компанияның да клиенттері ұтады», - деді К.Есекеев бейсенбідегі баспасөз мәслихатында.

Өз кезегінде Tele2 тобының президенті және бас атқарушы директоры Эллисон Киркби компанияның Қазақстандағы №2 операторы болу тұрғысындағы жоспарларын сақтайтын атап өтті.

Біріккен кәсіпорын «Алтел» АҚ («Қазақтелеком» АҚ 100% еншілес компаниясы, Altel4G бренді) мен «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС (Tele2 бренді) бірігу жолымен құрылды.

Дереккөз: ҚазТАГ

3 наурыз 2016, 17:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.