Атырау, 29 қараша 00:59
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Теңге бағамы Қазақстандағы саяси оқиғаларға байланысты емес

1 756 просмотра

Ұлттық банк басшысы Данияр Ақышев теңге бағамының қалыптасуына ел ішіндегі саяси процесстердің әсер етпейтінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Біз нарықта валюта сатып алдық. Егер біз валютаны ұстап тұрсақ, біз оны сата бастайтын едік. (...) Яғни осы жағдайларда, біз белгілі бір мерзімге дейін қандай да бір саясатты жүргізіп отырмыз деп айту дұрыс емес шығар. Себебі біз белгілі бір бағамға дейін резервтен қаражат жұмсайтын едік. Ал біз болсақ ақпанда нарықта валютаны өз резервімізге сатып алу арқылы тұрақтылықты қамтамасыз еттік. Сондықтан бізде нақты бір мерзім жоқ, біз кез келген уақытқа айырбас бағамына болжам жасамаймыз, таяу болашаққа да, ұзақ уақытқа да", - деді Ақышев Парламент Сенатының үзілісінде "Теңгенің нығаюы сайлаумен байланысты ма?" деген сұраққа жауап бере отырып.

"Тағы да айтамыз, ол сыртқы факторлардың әсерімен құрылады, сыртқы фактор деп біз бірінші кещекте мұнай бағасының жағдайын, саудада серіктес елдердің экономикасының жағдайын айтаймыз. Сондықтан, сіздер қазір көріп отырсыздар, мұнай нарығында белгілі бір тұрақталу бар, осыған байланысты теңге бағамы нығайып жатыр. Меніңше, бұл ел ішіндегі саяси процесстерге қатысты емес", - деп атап өтті Ұлттық банктің басшысы.

Дереккөз:tengrinews.kz

3 наурыз 2016, 10:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.