Атырау, 29 қараша 00:56
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Парламент ағымдағы жылдың нақтыланған бюджетін қабылдады

2 572 просмотра

Фото: kazfin.kzАСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Парламент Сенатының жалпы отырысында палата депутаттары «2016-2018 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңын қабылдады.

«Басты қаржы құжаты екі негізгі міндеттерді шешуді көздейді. Олар елдің әлеуметтік-экономикалық даму болжамын түзету нәтижесінде бұзылған бюджет теңгерімділігін қамтамасыз ету. Екіншіден, Үкіметтің ағымдағы жылғы 10 ақпандағы кеңейтілген отырысында айтылған Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес экономиканың негізгі салаларын қолдау бойынша дағдарысқа қарсы шараларды іске асыру», дейді ҚР Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов. Оның айтуынша, 2016 жылға арналған республикалық бюджет түсімдері 7 364,1 млрд. теңгені құрайды. Кірістер болжамы (трансферттер түсімдерін есептемей) 3 365,3 млрд. теңге көлемінде немесе бұрын бекітілген көлемнен 300 млрд. теңгеге төмен болып отыр. Бұл негізінен мұнайға арналған экспорттық кедендік баж мөлшерлемесінің 206,5 млрд. теңгеге 40-тан 20-АҚШ долларына төмендеуі есебінен бағаланады.

Ал республикалық бюджет шығыстары бекітілген бюджетпен салыстырғанда 600,2 млрд. теңгеге ұлғая отырып, 8 266,8 млрд. теңге сомасында көзделген. Мұндай өсу Ұлттық қордан берілетін сомасы 240 млрд. теңге нысаналы трансферт және сомасы 360 млрд. теңге кіріс көздерімен теңгерімделген. «Жалпы кірістердің көзі өткен жылдан жиналған кассалық қалдықтардан (179,2 млрд. теңге) және Ұлттық қордағы трансферттерді (480 млрд. теңге) бағамдық қайта есептеуден қамтамасыз етіледі», деді министр.

Республикалық бюджет тапшылығы 2016 жылы 179,2 миллиард теңгеге ұлғайып, 902,7 миллиард теңге немесе ЖІӨ-нің 2 пайызы шамасында белгіленген.

Парламент қабылдаған құжат Мемлекет басшысының қол қоюына жолданады.

Дереккөз: inform.kz

3 наурыз 2016, 10:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.